«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалының атқарған қызметі республика бойынша ең үздік деп танылды

АҚТӨБЕ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалында 12 есеп беру-сайлау мәслихаты болып өтті.
None
None

Жиында облыстық партия филиалы саяси кеңесінің 2010 жылдағы жұмысы қорытындыланып, «Нұр Отан» ХДП 2020 жылға дейінгі бағдарламасы талқыланды.

Іс-шараға 300-ге тарта делегат, соның ішінде ҚР Парламент Сенатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі, «Нұр Отан» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі Нұртай Сабилянов, Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов қатысты.

Облыстық партия филиалының төрағасы Балғали Ордабаевтың сөзіне қарағанда, партияшылар өз жұмысында партиялық-саяси білім беру жүйесінің жетілуі мен нығаюына, партиялық кадрлардың кәсібилігін арттыруға көп көңіл бөледі.

2010 жылдағы партия филиалының өміріндегі айтулы бір оқиға, «Жас Отан» жастар қанатының «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты акцияны өткізу үшін қолға алған өңірді абаттандыру жөніндегі бастама болды. Бұл бастама Мемлекет басшысының қолдауына ие болып, республика бойынша кең қанат жайғаны белгілі. Облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың қолдауының арқасында елді мекендерді абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

«2010 жылдың қорытындысы бойынша облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау қызметі республика бойынша ең үздік деп танылды», - дейді Балғали Ордабаев.

Соңғы жаңалықтар