«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында елорда әкімінің есеп беру жиыны өтті

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2009 жылдың басынан Астана қаласының аймақтық жалпы өнімінің көлемі 541,1 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында партияның Халықтық тұғырнамасының, «Жол картасы» мен «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының орындалу барысы туралы есеп берген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің атап өткеніндей, үстіміздегі жылдың басынан Астананың өнеркәсіп кәсіпорындары 80 миллиард теңгеге жуық сомаға өнімдер шығарып, қызметтер көрсеткен. 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда физикалық көлемнің индексі 93,4 пайызды құрады, бұл қайта өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 9 пайызға қысқаруымен байланысты болды.

«Дегенмен, инфляция деңгейі 4,9 пайыз көлемінде болып отыр, бұл жалпы республикалық көрсеткіштен 0,2 пайызға төмен. Қала экономикасының тұрақтану үрдісі инвестициялық саясаттың түзелуіне байланысты болып отырғандығын атап өткен жөн. 2009 жылдың 11 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 245 миллиард теңгені құрады. Негізгі капиталдағы инвестициялардың республикалық көлемінде Астана қаласының үлесі 7 пайызды құрап отыр», - деді И.Тасмағамбетов.

Сондай-ақ қала басшысы, аталмыш уақыт аралығында бөлшек сауда айналымы 167 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 15,5 пайызға азайғанын атап өтті. «Осыған қарамастан, мемлекеттік бюджетке 157 миллиард теңге көлемінде салықтық түсімдер жиналып, жоспар 109,5 пайызға орындалды», - деді ол.

Елорда әкімі бұл көрсеткіштердің барлығы екі негізгі сектордан құралып отырғандығын айтты, бұл - құрылыс және шағын және орта бизнес. Олардың жалпы аймақтық өнімдегі үлесі сәйкесінше 23 және 60 пайыздарды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар