«Нұр Отан» ХДП барлық бюджеттік шығындарды жүзеге асыруды бақылауға баса назар аударады ? Владимир Дворецкий

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін ҚР Қаржы министрлігінің конференц-залында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын таныстыру жөніндегі республикалық кеңес өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Республикалық кеңеске аталмыш министрліктің жауапты хатшысы Наталья Коржова, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Үкіметтегі ресми өкілі Владимир Дворецкий, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішенбаев, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов қатысты.Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылғы қарашаның 20-сында Елбасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын. Ал қарашаның 22-сінде аталмыш заң ресми жарияланып, өз күшіне енді. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасындағы негізгі өзгертулер нақты секторларды мемлекеттік қолдауға, отандық тауар өндірушілер мен жұмыс берушілерге жәрдем беруге, мемлекет және оның қатысуымен жұмыс істейтін компаниялардың қаржыларын пайдалана отырып, отандық кәсіпорындарға тапсырыс беру үшін қазақстандық тауарларды арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, тапсырыстың шартты бағасын төмендету үшін тапсырыс берушілерді конкурстық процедуралардан өту кезінде шартты жеңілдіктер ұсынуды міндеттейтін өзгерістер енгізілді.«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы мемлекеттік сатып алу тақырыбына ғана емес, сонымен бірге барлық бюджеттік шығындарды жүзеге асыруды бақылауға баса назар аударады», - деп атап өтті республикалық кеңесте Владимир Дворецкий.
Соңғы жаңалықтар