«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы мен ішкі істер органдары бірлесіп жұмыс жасамақ

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл - партияның облыстық филиалы мен департамент арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа жол ашатын алғашқы құжат. Облыстық қос құрылым да қоғамның түрлі салаларында демократиялық өзгерістерді орнықтыруда, сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресте, азаматтардың арыз-шағымдарын қарау кезінде заңбұзушылыққа жол бермеу бағытында күш біріктіру жөнінде ортақ тоқтамға келді.
Елбасы тапсырмаларына сәйкес «нұротандықтар» мен ішкі істер органдары бірлескен шараларды қолға алмақшы. Мәселен, маусым айында жол полициясы басқармасында азаматтарды қабылдайтын «Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық бекеті ашылады. БАҚ өкілдерімен бірлескен рейдтер жалғасады. Негізгі бағыттар бойынша бірлескен жоспарлар жасалады.