«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалына кәсіппен айналысуға ден қойған азаматтар қабылдауға келді

ОРАЛ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақ­стан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Бизнестің жол картасы - 2020 бағдар­ла­масын жүзеге асыру мәселелері бойынша «Аза­маттар­ды бірыңғай қабылдау күні» өтті.
None
None

Оған БҚО кәсіп­кер­лік және өнеркәсіп бас­қар­масының бөлім мең­­геруші­сі Галина Варфоломеева, «Даму» кә­сіпкерлікті қолдау қо­ры» АҚ филиалының басшысы Әлия Сәлиева және екінші дең­гей­­дегі банктер филиалының өкіл­де­рі қатысты. Қабылдауға 4 адам келді. Олардың бірі ау­дан­да мал шаруашылығымен айна­­лысқысы келеді екен. Ол аза­матқа «Ауыл шаруашылы­ғын қаржылай қолдау қоры» ар­қылы жұмыстанса, жеңілдік­тер бары айтылды. «Сауда саласында грант беріле ме?» деп келген бір азаматқа гранттың қонақүй, монша, тағы басқа да нысандар салуға берілетіні айтылды.

Аталмыш бағдарлама аясында 2010-2013 жылдар арасында облыс бойынша 226 жо­ба мақұлданып, оған 35,4 млрд. теңге жұмсалыпты. Со­ның ішінде индустриялды инфрақұ­рылымды дамыту бағытында 22 жоба ма­құлданған. Биыл 51 жоба қабылданып, оған 10,8 млрд. теңге бөлінген. Жобаның басым бөлігі бұрғылау, меди­циналық және білім беру қыз­меттерін көрсетуге арналған. Осы мақұлданған жобалар шең­бе­рінде 1005 жұмыс орны ашыл­ған. «Даму» кәсіпкерлікті қол­­дау қоры» АҚ филиалы же­ке кәсібімді ашамын деп талаптанған адамдарды сау­да­ның қыр-сырын меңгеру­ге тегін оқытып келеді. Қабыл­дау­да болған екі азамат аталмыш курста оқитын болды. Қордың басшысы Әлия Сәлиеваның айтуынша, алғашқы жылдары ті­лек білдірушілер облыс бо­йын­ша бар болғаны 500 адам бол­са, бүгінде тек қала тұрғында­рынан 250 өтініш түскен.
2010 жылы бизнес бастама­ларын қолдау, кәсіпкерлік саланы жандандыру және экспорт­пен жұмыс істейтін өндіріс орын­дарын қолдау бойынша үш ба­ғытта жұмысын бастаған аталмыш бағдарлама аясы бүгінде кеңіп, өзгерістер енгізілген. Не­­сиеге кепілдік беру, жаңа бас­таған кәсіпкерлерге экспресс-кепілдік және гранттық қаржы­лық көмек беру іске асқан. Әлия Сәлиева қабылдауға келген адам­дарға осы өзгерістер мен алдағы мүмкіндіктер туралы түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар