16:48, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП депутаттарының форумдары жалғасуда
АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы барлық деңгейдегі депутаттар форумдарын өткізіп жатыр.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның кезекті брифингінде партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Ақпанның 6-сында кезекті форум Ақтөбе облысында өтпек. Халық қалаулылары елді қазіргідей қиын-қыстау сәтте күш біріктіруге шақырады және «Нұр Отан» ХДП халықтық тұғырнамасының орындалуын бақылау, партия өкілдері мен жергілікті атқарушы биліктің халықтық тұғырнаманы іске асырудағы біріккен стратегиясы анықталады», - деді ол.Сонымен қатар, Оксана Петерс Қоғамдық қабылдау бөлімдерінің жұмысына да тоқталып өтті. Ресми өкілдің айтуынша, аталмыш бөлімдерден көмек сұрайтындар саны артып отыр.Қаңтардың 27-сінде Мәжіліс депутаты, Экология және табиғатты қорғау комитетінің мүшесі Ерболат Әпсалямов, ал қаңтардың 29-ында аталған комитеттің мүшесі Тәңірберген Бердоңғаров өз сайлаушыларымен кездесті. «Сондай-ақ бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты, Қаржы жэне бюджет жөніндегі комитеттің мүшесі Сейітсұлтан Айымбетов қоғамдық қабылдау өткізді. Ал ақпанның 5-інде Парламент Мәжілісінің депутаты, аталған комитет мүшесі Керімжан Бижанов сайлаушыларымен жүздеседі. Айта кететін жайт, еліміздің әр өңірінде ашылған қоғамдық қабылдау орындарының саны бүгінде 200-ге жетіп отыр», - деп атап өтті Оксана Петерс.