Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Нұр Отан» ХДП Идеологиялық мәселелер, ақпараттық-насихат жұмысы және партияның жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссиясының бірінші отырысы өтіп жатыр

қпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның Орталық аппаратында Идеологиялық мәселелер, ақпараттық-насихат жұмысы және партияның жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссиясының бірінші отырысы өтіп жатыр,

«Нұр Отан» ХДП Идеологиялық мәселелер, ақпараттық-насихат жұмысы және партияның жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссиясының бірінші отырысы өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, комиссияның жұмысын белсендіру мақсатында «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі жанынан құрылған осы комиссияның құрамында партияның танымал мүшелері, ҚР Парламентінің депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері бар. Комиссияның төрағасы, партия хатшысы Ерлан Қариннің айтуынша, комиссия жұмысының негізгі мақсаты идеологиялық, ақпараттық-насихат жұмыстарын ұйымдастыру, партияның аймақтық филиалдарының, сондай-ақ партияның бастауыш ұйымдарының қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.

Жиын барысында Елбасының Жолдауын түсіндіру мен 2020 жылға дейінгі «Нұр Отан» ХДП бағдарламасының жобасын даярлау жөніндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелерінің ақпараттық-насихат қызметінің негізгі бағыттары талқылануда.

Е. Қариннің сөзіне қарағанда, маусым айының соңында партияның кезектен тыс съезі өтпек. Бұл съездің күн тәртібіндегі басты мәселе ретінде 2020 жылға дейінгі партияның жаңа бағдарламасы талқыланып, қабылданбақ. «Қазір бұл бағдарламаның сұлбасын қалыптастыру жұмыстары басталды. Осыған байланысты, жұмыс тобы мен сараптама кеңесі құрылды», деді комиссия төрағасы.

Сонымен бірге комиссия отырысында партияның 2010 жылғы жоспарларының негізгі басымдықтары қарастырылуда.