«Нұр Отан» ХДП Қазақстанның саяси жүйесінің өзегі - А.Есімов

АЛМАТЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/- Бүгін Алматыда «Нұр Отан»ХДП Алматы қалалық филиалының IX есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, 2010 жылдың қорытындылары мен биылғы жылдың жоспарларын талқылады.
None
None

Атап айтқанда, 11 ақпанда Астанада өтетін партияның XIII сьездіне дайындық, ИК-на төрағалық, 7-қысқы Азия ойындары және Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына дайындық талқыланды. Сондай-ақ партияның алдағы 10 жылдық қызметінің бағыттары да сөз болды.

Жиында филиал төрағасы, қала әкімі Ахметжан Есімов бүгінде партия қызметі берілген міндеттерді шешуге нақты қадам жасауға көшкенін, осымен де партияның Қазақстанның саяси жүйесінің өзегіне айналып отырғанын атап өтті. «Жыл сайын партия мүшелерінің саны өсіп келе жатқандығын байқауға болады. Қазіргі кезде Алматы қалалық филиалында 70 мыңнан астам мүше бар. 659 кіші ұйымдары қызмет етеді. Өткен жылы 24 847 адам мүшелікке қабылданып, 65 жаңа кіші ұйымдар ашылды»,- деді қала әкімі. Ол сондай-ақ партия мүшелерінің қалалық және республикалық дәрежедегі шараларға белсене атсалысып жүргендігін, алматылықтардың қатысуымен партияның 2020 жылға дейінгі бағдарламасының жаңа жобасының жасалғандығын атап өтті.

Ол сондай-ақ жемқорлықпен күресті жалғастырудың қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар материалдық-техникалық базаның жетілдірілуіне де тоқталды. «Алматыда тек Түрксіб ауданының ғана өзінің жеке ғимараты бар. Біздің филиалдар жеке ғимараттарда отыруы керек деп санайымын»,- деді А.Есімов.

Соңғы жаңалықтар