«Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы Саяси Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті

АҚТАУ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы Саяси Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті. «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев жүргізген мәжілістің күн тәртібінде төрт мәселе қаралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Олар: партия филиалының 2008 жылғы жұмыс қорытындылары және Маңғыстау облысы әкімінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспары туралы; барлық деңгейдегі мәслихаттардағы партияның депутаттық фракцияларының І облыстық форумын шақыру туралы; «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығын мерекелеуге арналған партияның іс-шаралар жоспарын бекіту туралы және ұйымдық мәселелер. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе ? «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалының 2008 жылғы жұмыс қорытындылары мен Маңғыстау облысы әкімінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспары туралы» «Нұр Отан» ХДП МОФ төрағасы Қ.Көшербаев баяндама жасады. «Қазыналы өңірге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларын 2009 жылдың басты міндеттері етіп белгіледік. Биылғы жылы республикада бірінші болып облыс елді мекендерін табиғи газбен, ауызсумен, электр қуатымен, телефон байланысымен, телехабарлар тарату жүйесімен толық қамтимыз деп отырмыз. Өңіріміздегі осындай игілікті шаралардың барлығына дерлік «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы белсене араласып келеді. Бірқатар өзекті мәселелер партияның тікелей бастамасымен, қажет жерде табанды түрде талап етуі нәтижесінде жүзеге асырылып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Өткен жылдың басында партия төрағасы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Саяси Кеңестің кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген сөзі, партия алдына қойған міндеттері партия мүшелеріне де, ел тұрғындарына да үлкен серпін беріп, жұмыстарына өрлеу туғызды. Жыл сайын барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен кездесулеріне партияның облыстық, аумақтық филиалдары белсене араласып келеді. Бұл жиындарда өңірдің қордаланған мәселелері көтеріліп, олардың барлығы партия филиалдарында жинақталады, партияның бюро мәжілістерінде талқыланғаннан кейін сараптамадан өткізіліп, мәслихаттардың талқылауына жіберіледі. Өзекті мәселелердің оң шешімін табудың жолдары, қаржыландыру көздері партияның депутаттық фракциясында мұқият зерделеуден өткізіліп, мәслихаттардың шешімдері қабылданады. Биылғы жылдың басында өткен аудандар мен қалалардың әкімдердерінің есеп беру кездесулерінде тұрғындарды толғандырып жүрген ондаған ірілі-ұсақты мәселелер партия мүшелерінің, депутаттардың партиялық фракцияларының ұсыныстары бойынша әкімдердің іс-қимыл жоспарына енгізілді. Облыс әкімінен бастап барлық деңгейдегі әкімдердің ағымдағы жылға арналған іс-қимыл жоспарлары алдымен тиісті партия филиалдарының саяси кеңестерінде талқыланып, пысықталып, мәслихаттар қарауына жіберілуі жолға қойылған. Өткен жылда партияішілік, қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларымыздың тиімділігін арттыру мақсатында да бірқатар игілікті қадамдар жасалды. Қаңтар-ақпан айларында және қазан айында облыстық, аумақтық филиалдардың конференцияларын өткізіп, оларда филиалдардың төрағалары есеп берді. Филиалдардың басшы, атқарушы органдары бүгінгі күн талаптарына сай жұмыс жүргізе алатын құрамда қайтадан сайланды. Жыл ішінде екі рет Саяси Кеңес мәжілісі, 4 рет Саяси Кеңес бюросы бас қосып, партияның ішкі жұмыстарымен қатар, өлкенің қоғамдық-саяси өміріне қатысты да бірқатар мәселелер талқыланды. Қазан айында облыстық филиалдың Х партия конференциясын өткізіп, басшы, атқарушы органдарды қайта сайладық. Жыл басында партияның облыстық филиалы құрамында 317 бастауыш ұйым, 25104 партия мүшесі болса, қазір 314 бастауыш ұйым, 25240 партия мүшесі бар. Бұл партия ұйымдарын оңтайландыру, партия қатарын неғұрлым белсенді, саяси жағынан табанды адамдармен толықтыру бағытындағы жұмыстарымыздың нақты нәтижесі деуге болады. Президенттің тұжырымдамаларына сәйкес, қазір жергілікті атқарушы билік орындарымен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жүргізетін жұмысты жаңа деңгейге көтеру міндеті тұр. Қазірдің өзінде партияның облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес, пікірталас клубы тұрақты жұмыс жасап келеді. Олардың отырыстарында қоғам өмірінің небір көкейкесті мәселелері қозғалып, оң шешімін табу үшін тиісті атқарушы билік орындарына ұсыныстар жолданды. Ендігі жерде партия жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жіті бақылауға алатын болады», - деді облыс әкімі.Қырымбек Елеуұлы баяндамасының екінші бөлігін Маңғыстау облысы әкімшілігінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарына арнады. Саяси Кеңес жоспарды мақұлдап, облыстық мәслихаттың сессиясының қарауына ұсыну туралы қаулы қабылдады.
Соңғы жаңалықтар