«Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтіп жатыр

АУ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Анаргүл Жексембай/- Бүгін «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтіп жатыр.

«Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өтіп жатыр

Форум отырысында «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жауымбай Қараевтың мәлімдеуінше,сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Партия Бағдарламасы шеңберінде және Партия Төрағасы айтқан тұжырымдамаларды орындау мақсатында партияның облыстық филиалында көптеген тегеурінді жұмыстар жүргізіліп келеді.

Облыстық филиал жанында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңес, партиялық бақылау комиссиясы құрылған. Мұндай қоғамдық ұйымдар аумақтық филиалдарда да бар. Бұл кеңес пен комиссия құрамына жергілікті мәслихаттардың депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жастардың өкілдері енгізілген.

Бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыру, іс-қимылдарды топтастыру мақсаттарымен партияның облыстық филиалында экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі облыстық департаментпен, облыстық прокуратурамен, ішкі істер басқармасымен, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің облыстық басқармасымен - барлығы 11 меморандумдарға қол қойылды.

«Партияның облыстық филиалындағы қоғамдық қабылдаулар өлкеміздегі әлеуметтік ахуалдың айнасы деуге де болады. Сондықтан біздер қоғамдық қабылдаулардың өмірге неғұрлым жақын әрі тиімді түрлерін жүзеге асыра бастадық. Қазір ай сайын дерлік аудандар мен қалаларда, бірқатар ауыл-кенттерде көшпелі қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып, оларға облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының басшыларын, жергілікті әкімдерді, депутаттарды қатыстыруды жүйелі жолға қойдық»,- дейді «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Қараев.

2010 жылдың 10 айы ішіндеқоғамдық қабылдау бөлімдеріне 1979 өтініш келіп түскен, бұл бір айға шаққанда 198 бірлікті құрайды. 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда өтініштер саны 1,5 еседен жоғары өсіп отыр.

«Бұл цифрлар жұртшылықтың көшбасшы партияға деген сенімінің артып отырғанын көрсетеді.Бүгінгі күні барлық өтініштердің 75 %-ы оң шешімдерін тапты»,- дейді «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Қараев.