Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті

АҚТАУ. 19 Қаңтар. ҚазАқпарат /Анаргүл Жексембай/ - Маңғыстау аймағына арнайы жұмыс сапармен келген «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулиннің, облыс әкімі, партияның Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

«Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Конференцияға қатысушылар филиал жұмысының қорытындысы мен партияның 2020 жылға дейінгі бағдарламасының жобасын талқылады. Шара барысында маңғыстаулықтардың Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізу бойынша бастаманы қолдайтыны айрықша аталып өтті.

Қырымбек Көшербаев өз баяндамасында филиалдың партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған саясатты қолдау жөніндегі белсенді жұмысын атап өтті. 2010 жылы облыстық «Нұр Отан» ХДП бастамасымен 440 мыңнан астам адам қатысқан 1630 қоғамдық-саяси іс-шара өткізілді. Басты назар тұрғындармен жұмыс жасауға, олардың құқықтық сауаттылықтарын көтермелеуге бөлініп отыр. «Ашық есік күндері» өткізіліп, қоғамдық қабылдаулар және т.б. жұмыстар ретке келтірілді.

Партиялықтар маңғыстаулықтардың әл-ауқатының жақсаруына бағытталған мемлекеттік әлеуметік маңызы бар бағдарламалардың орындалуына бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді.

2010 жылы нұротандықтар бағдарлама аясында 4140 жұмыс орындары ашылып, 2996 адам жұмысқа орналастырылған «Жол картасы» бағдарламасына белсене араласты. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мен жастар тәжірибесінің аясында 1067 жұмыссыз жұмысқа тартылды. 1212 адам құрылыс, көлік және теңіз салаларындағы мамандарды кәсіби даярлау және қайта даярлау бойынша қысқа мерзімді курстардан өтті. Бүгінгі таңда олардың басым бөлігі облыс кәсіпорындарында қызмет етуде.

Бағдарламаның жүзеге асырылуын «Нұр Отан» ХДП-ның 86 бақылау бекеті қадағалады. Нұротандықтардың айтуынша, «Жол картасы - 2010» бағдарламасы еңбек нарығындағы жағдайлардың тұрақталуында маңызды рөл атқарды. Жалпы алғанда, жыл ішінде тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,9 %-дан - 06%-ға дейін төмендеді.

«Нұр Отан» партиясы құрылған күнінен бастап, 1999 жылы партияның І съезінде қабылданған бағдарламаға қатысты міндеттерді ойдағыдай орындап келеді. Жаңа бағдарламаның жобасын дайындау кезінде Қазақстанның барлық аймақтарында, оның ішінде 60 мыңға жуық маңғыстаулық қатысқан бірыңғай «Отандастар» акциясы өтті. Бізге олардың белсенді ұстанымдарының арқасында париялық құжатты айтарлықтай жақсартуға, тұрғындар үшін маңызды саналатын мәселелерді шешу жөніндегі шаралармен толықтыруға жағдай жасалды», - деп атап өтті Қырымбек Көшербаев.

Сондай-ақ облыс әкімі конференция делегаттарын аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырды. Мысалға, бүгінгі таңда Маңғыстау облысы - Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі. 2010 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталдағы инвестция көлемі 305 миллиард теңгеге артты. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға артық. Маңғыстау облысы тұрғындардың жан басына шаққандағы инвестиция көлемі бойынша республика ішінде екінші орында, облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 16,4%-ды құрайды.

«Маңғыстаулықтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін жалғастыруды, референдум өткізуді бірауыздан қолдайды. Өйткені олар тек бірлесе отырып қана мықты мемлекет құратынымызға зор сеніммен қарайды. Және де олар бізде тек ғана бір мемлекеттің, бір Отанның, бір Көшбасшының бар екенін толықтай біледі», - деді Қырымбек Көшербаев.

Конференция соңында «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин «Нұр Отан» ХДП-ның Маңғыстау облыстық филиалының қызметіне оң баға беріп, бірқатар нұротандықтарды «Белсенді жұмысы үшін» төсбелгісімен және алғысхаттармен марапаттады.