12:30, 25 Қараша 2011 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП Мәжіліске кандидат ретінде бірқатар танымал адамдарды ұсынды
ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Нұр Отан» ХДП-ның саяси Кеңесі Парламент Мәжілісі депутаттығына 127 кандидатты тіркеді.

Бұл жайында бүгін партияның кезектен тыс 14 съезінде мәлім болды. Айта кетейік, олардың қатарында Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының әкімдері, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев, Дариға Назарбаева, белгілі спортшылар Ольга Шишигина, Александр Винокуров, Юрий Мельниченко, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшім, Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, сондай-ақ өнер қайраткерлері Нұрлан Абдуллин, Әлібек Дінішев және төртінші шақырылымның бірқатар депутаттары бар.