«Нұр Отан» ХДП «Мектепке барар жол» акциясын өткізді
АЛМАТЫ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыда «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қалалық бөлімшесі «Мектепке барар жол» акциясы аясында қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шара алдағы Білім күні қарсаңында және Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
«Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Амангелді Кәримоллин балаларды келе жатқан мерекемен және алдағы жаңа оқу жылдарымен құттықтады. «Бұл балалалар - еліміздің болашағы. Осы акция аясында көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына және жетім балаларға өз көмегімізді ұсынып отырмыз», деді А. Кәримоллин.
Шара барысында 1-3-ші сыныптар аралығындағы 40 оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған сөмкелер табыс етілді.