«Нұр Отан» ХДП мүшелері іргелі істердің ұйытқысы болып келеді - БҚО

Л. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП мүшелері ауыл-аймақтағы іргелі істердің ұйытқысы болып келеді. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау аудандық филиалының есеп беру-сайлау конференциясында айтылды.
None
None

Жиында аудандық филиал төрағасы Мұрат Малтиев атқарылған іс-шаралар тұрғысында баяндама жасаса, сөйлеушілер іргелі істердің ұйытқысы болып келе жатқан, тоқырауды, кешегі қаржылық дағдарысты бастан кешкен еліміздің мерейлене түсуіне, гүлденуіне тікелей атсалысып келе жатқан партияның халық сеніміне әбден орныққанын атап өтті.

Аудан әкімі Айболат Сейтақов конференция делегаттары мен келген қонақтарды аталмыш маңызды шарамен құттықтап өтіп, еліміздің еңсе көтеруіне ерекше үлес қосқан партияның әлеуметтік даму, ғылым мен білім, денсаулық сақтау, ауылдың ахуалын көтеру, жастарға қолдау көрсету, мемлекетіміздегі тілдерді дамыту мәселесі мен бірлік пен келісім, тағаттылықты негізгі мақсат еткен жобасының халық ойынан шығарына сенім білдірді. Осы жолда белсенді еңбек етіп келе жатқан филиал басшылығына және 13 бастауыш партия ұйымы мен 1819 «нұротандыққа» алғысын айтты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко өз сөзінде «алдымыздағы он жылға биік міндеттер белгілеген партияның жаңа жобасы да аса маңызды саяси бағдарлама екендігіне» тоқталды.

Соңғы жаңалықтар