«Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына орай Маңғыстау облыстық филиалы бірқатар қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шаралар өткізуді жоспарлап отыр

АҚТАУ. Қаңтардың 27-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Биыл «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының құрылғанына 10 толады. Осыған сәйкес, партияның облыстық филиалы «Біздің партиямыздың биік белестері», «Өркенді он жыл», «Мен сайлаған депутат» атты акциялар, байқаулар тағы да басқа шаралар өткізбек.
None
None
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Партияның он жылдығы аясында «Біздің партиямыздың биік белестері» атты акциялар басталды. Бұл акциялар аясында аумақтық филиалдардың саяси кеңестерінің кеңейтілген мәжілістері, партия активінің жиналыстары, партия ардагерлері мен жастардың «дөңгелек үстел» басындағы кездесулері, «Өркенді он жыл» деген тақырыпта еңбек ұжымдарында, бастауыш партия ұйымдарында лекциялар оқу сияқты саяси-бұқаралық шаралар өткізіледі. Бұл шараларға партиямыздан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары қатысып, «Мен сайлаған депутат» атты ашық есік айлығында өз сайлаушылары алдында есептерін береді. Мерекеге орай, партияның фотошежіресі жөнінде арнайы альбом дайындалуда. «Өркенді он жыл» деген атпен партиямыздың тарихын баян ететін кітап шығару да жоспарымызда бар. Онжылдық мерейтойымызға байланысты жарияланған материалдарға журналистер конкурсын өткізбекпіз. Конкурс қорытындыларын маусым айында ? Баспасөз күні қарсаңында шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл конкурсқа журналистеріміз, облыс көлеміндегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары белсене қатысады деп сенеміз», - деді облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Асқар Рзаханов.Партияның Орталық аппаратынан келген нұсқауларға сәйкес, партияның онжылдық мерейтойына арналған шаралар биылғы жылдың І жарты жылдығы бойына жалғаса бермек. Саяси кеңес «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының құрылғанына 10 жыл толуына арналған іс-шаралар жоспарын талқылап бекітті.
Соңғы жаңалықтар