«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы ауылда қоғамдық қабылдау жұмыстарын жүргізді

ОРАЛ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы Ақжайық ауданы Бударин ауылында қоғамдық қабылдау жұмыстарын жүргізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжан Мұхтарова тұрғындармен кездесіп, мұң-мұқтаждарымен танысты. Ауылдағы әлеуметтік нысандарда болған «нұротандықтар» жергілікті тұрғындарға халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында мемлекет тарапынан жүргізіліп отырған жұмыстар жөнінде ақпарат берілді. Аталмыш шара «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру, тұрғындардың қатысымен ауылдың өзекті мәселелерін шешу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар