«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалында 2010-2012 жылдарға арналған бюджет мәселесі қаралды

sp;КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қоғамдық тыңдау өткізіліп, соның барысында бірқатар ұсыныстар атап көрсетілді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталмыш  филиалдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Облыс әкімі, «Нұр Отан» халықтық--демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Альберт Раудың төрағалығымен өткізілген қоғамдық тыңдауға облыстық мәслихаттың депутаттары, түрлі саяси партиялар филиалдарының, кәсіподақтар облыстық федерациясының, үкіметтік емес ұйымдардың, бірқатар облыстық департаменттер мен ведомстволардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 Аймақтың 2010-2012 жылдарға арналған бюджетінің жобасы туралы  баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мұратбек Тақамбаев, «қазыналық қаржының 65 пайыздан астамы әлеуметтік салаларға жұмсалатынын» мәлімдеді. Соған орай білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй бағдарламасы оң шешімін таппақ. Алдағы  жылдарда Елбасының тапсырысына байланысты мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін мемлекет меншігіне қайтару, жекеменшік балабақша жүйесін қалыптастыру жүзеге асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар