«Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының әлеуметтік зерттеуінің таныстырылымы өтті

А. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында партияның Парламентаризм институтының «Экономикалық дағдарыс кезеңіндегі қазақстандықтардың әлеуметтік мінез-құлық стратегиясы. Экономикалық дағдарыстан шығу кезеңінде әлеуметтік көңіл- күйді қалыптастыру үшін талдау мен ұсынымдар» әлеуметтік зерттеуінің таныстырылымы өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2009 жылдың басында ҚР Парламенті Мәжілісінің берген тапсырмасымен жүргізілген әлеуметтік зерттеу барысында 1600 респондент сауалдамадан өтіп, бірқатар нәтижелер шығарылды. Қазақстандықтардың 48 пайызының жағдайы өте жақсы, 32 пайызы - қанағаттанарлық, ал 6,7 пайызы - күнін әрең көретіндер. Респонденттердің жартысына жуығы дағдарысқа байланысты олардың жағдайы өзгермегендігін атап өтті. Тіпті 18,4 пайызының жағдайы әртүрлі деңгейде жақсарған.

«40,4 пайыз қазақстандық жағдай келер жылы, ал 18,5 пайызы - осы жылдың соңында жақсарады деп болжауда. Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі дағдарысқа дейін тиімді жұмыс істеп келген салалардың, үдерістер мен оқиғалардың жағдайы сол қалпында сақталған деп сипаттайды. Ал 13,9 пайызы олар қол жеткізген ұстанымынан бірнеше саты төмендеп, бастапқы деңгейіне түсіп кетті деп санайды», - деп атап өтті Институттың Жедел сараптама жасау және ақпараттандыру тобының бас сарапшысы Сергей Калмыков.

Соңғы жаңалықтар