«Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің екінші отырысы өтті

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Бүгін ақпанның 27-інде «Нұр Отан» ХДП-ның орталық аппаратында партиялық бақылау комитетінің екінші отырысы өтіп, онда негізінен «электрондық үкімет» жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша сараптау комиссиясы, сондай-ақ дағдарысқа қарсы бағдарлама ауқымында бөлінген мемлекеттік қаржының жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссиясы жұмыстарының
None
None
қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Партиялық бақылау комитетінің мүшелері «электрондық үкіметті» орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға енгізу және оны дамыту жөніндегі іс жағдайымен танысты. «Атамекен» одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы басқармасының төрағасы Азат Перуашов атқарылған жұмыстардың қорытындысы жөнінде хабарлаған соң, «электрондық үкіметті» енгізуді жеделдету және кемшіліктерді болдырмау жөнінде ұсыныстар жасалды. Бұдан басқа да, аталған бағытта партиялық бақылауды тұрақты ұйымдастыру жөнінде шаралар қолдану туралы шешім қабылданды. Дағдарысқа қарсы бағдарламалар ауқымында бөлінген мемлекеттік қаржының жұмсалуына бақылау жөніндегі комиссияның жұмыс қорытындысы жөнінде, оның төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова хабарлама жасады. Г.Қарағұсованың айтуынша, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру бағдарламасына қатысатын 10 банктің ішіндегі 7-еуінің шотына барлық бағыт бойынша қаржы түсті. Экономиканың нақты секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті инвестициялауға арналған қаржы бөлінді. Барлық, басты жобалар бойынша қаржыландыру наурыздың 1-нен басталады. Г.Қарағұсова ипотеканы қайта несиелеудегі банктер ұстанып отырған негізгі талаптарға тоқталды. Бұл, осыдан 4-5 жыл шамасы бұрын берілген ипотекалық несиелерге қатысты, мұндағы шарт - қарыз алушының жалпы көлемі 120 шаршы метрден аспайтын бір ғана баспанасы болуы керек. Сонымен қатар, ипотеканы қайта қаржыландыруға өтініш берушілердің осы сәтке дейін қарызы болмауы тиіс. «Бұған қатысты комиссия өз ұсыныстарын дайындады. Өйткені бірқатар проблемалар қалыптасып отыр, қазіргі уақытта жалғыз баспананың иесі саналатын көптеген адамдардың ипотекалық қарыздары көбейіп барады», - деп атап өтті Г.Қарағұсова.
Соңғы жаңалықтар