«Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау комитетінің төрағасы Ақмола облыстық филиалының мәжілісіне қатысты

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалы партия активінің жиналысында сыбайлас жемқорлықпен күресте Қоғамдық кеңестің тиімділігін арттыру және оның мемлекеттік органдармен ынтымақты іс-әрекеті әңгіме арқауына айналды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Актив жиналысына аудандық және қалалық филиалдар жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамдық кеңес төрағалары, облыс құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік органдар, мемлекеттік емес ұйымдар, жастар қоғамдық бірлестіктері, БАҚ өкілдері қатысты. Жиналғандар алдында сөз алған «Нұр Отан» ХДП бақылау комитетінің төрағасы Боран Рақымбеков комитет құрылымы, облыстық филиал жанындағы партиялық бақылау комитетінің мақсаты мен іс-қимылы, оның қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс жасауы жайында ойымен бөлісті.Басқосуды қорытындылаған «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Альберт Рау Елбасының құқық қорғау органдары алдына қойған жеті міндеті, оның орындалуын жүзеге асырудағы іс-қимыл бірлігі, жаңа Жолдауда атап көрсетілген бағдарламалардың орындалуына қатысты алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар әлемдік қаржы дағдарысына қарсы күрес, халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі, ауылдық және селолық округтер төрағаларының білімі мен іскерлігін арттыру жайына баса назар аударды. Алдағы кезеңде құрылыс, коммуналдық шаруашылықты әзірлеу, басқа да әлеуметтік қажеттілікке бөлінген қаржының тиімді әрі орнымен жұмсалуына ерекше мән берілді.
Соңғы жаңалықтар