Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабы мүшелері Алматы облысы сайлаушыларымен кездесті

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат. Сайлаушылармен кездесуін нұротандықтар Алматы облысында жалғастырды. «Нұр Отан» республикалық сайлауалды штабы өкілдері «Қазақстан. 2017 Мақсаттары» тұғырнамасының басым бағыттарын өңір тұрғындарымен және спортшылар қауымдастығымен талқылады, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

«Нұр Отан» ХДП республикалық сайлауалды штабы мүшелері Алматы облысы сайлаушыларымен кездесті

Үгіт тобының басты мақсаты - әрбір сайлаушыға жету. Бұл «Нұр Отан» партиясының күнделікті жұмыс тәртібінің негізі. «Нұр Отан» партиясы өткен жылы Алматы облысының, Қызылағаш ауылында болған апат салдарын жоюға белсене қатысқан болатын. Сондықтан штаб мүшелері ең алдымен, қайта қалпына келген ауыл тұрғындарымен кездесті.

Жалпы ауыл бойынша465 жаңа үйлер салынып, 32 үй жөндеуден өткізілген. Жаңартылған ғимараттар қатарында - Мәдениет үйі, әкімшілік, балабақша, мектептер мен моншалар бар.

«Нұр Отанның» штабы мүшелері ауылдықтармен кең көлемде әңгіме жүргізіп сұрақтарына жауап берді, сонымен бірге, өздерінің алдағы 5 жылдағы мақсаттарын баян етті. Бұл ең алдымен, білім мен ғылымның дамуы, денсаулық саласы, экономиканы тұрақтандыру, жаңа әлеуметтік саясат, ауылды дамыту, халық бірлігін нығайту.

Нұротандықтар сондай-ақ, жаппай спортпен айналысуды дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етіп отыр. Көптеген спортшылар - белсенді нұротандықтар болып табылады, оның үстіне олар «Нұр Отанның» партиялық тізіміне кіріп отыр.

Бұл туралы нұротандықтардың Талдықорған қаласындағы спорт алаңдарының бірінде өткен, Алматы облысы спортшыларымен кездесуінде сөз болды.

Өңір өзінің спорттық дәстүрлерімен мақтан етеді. Облыс спортшыларының халықаралық деңгейдегі абыройлы жарыстарда ең жоғары сатыдан бой көрсеткен кездері аз емес. Ал бүгінгі кездесуге белгілі спортшылар, спорт қайраткерлері және болашақ жұлдыздар келді.

Нұротандықтар салауатты өмір салтын белсенді насихаттау халық арасында шылым шегу деңгейін төмендету, нашақорлық пен ішімдікке құмарлықты азайтуға ықпал ететініне сенімді. Сонымен қатар, партиялықтар ересектер арасында 25 пайызға дейін, балалар мен жасөспірімдер арасында 12 пайызға дейін спорт өнеріне қамту мақсатын қойып отыр.

Алматы облысы тұрғындарымен кездесу Елбасы басқаратын партияның беделі мен сенімінің жоғары екенін көрсетті.