20:10, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Астанадағы тергеу абақтысында болды
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ – «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның төрағасы Сағынбек Тұрсынов, Адам құқығы жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев
Астана қаласындағы тергеу абақтысында ? ЕЦ-166/1 мекемесінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мұнда болған кезінде Д.Қалетаев қамауға алынғандар мен сотталғандарды ұстау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қылмыстық-процессуальдық кодексінде, Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарда кепілдік берілген олардың құқықтарының сақталу жағдайымен танысты. Тергеу абақтысының қызметкерлерімен, тергеуге қамалғандармен және сотталғандармен әңгімелесу барысында қамаудағылар мен сотталғандардың орта білім алуына және денсаулықтарын, жеке қауіпсіздіктерін қорғауға және өздерінің құқықтарын қорғау мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге деген конституциялық құқықтарының сақталу мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді.Жалпы алғанда, Тергеу абақтысында болу Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінде халықаралық стандарттарға жақындаудағы айқын табыстарының бар екендігін, азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар институттарымен ынтымақтастыққа даярлығын қуаттады.Осы іс-шара Адам құқығы саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспарына даярлық аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.