«Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары Н. Нығматулин азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Халықпен «кері байланыс» тетігін қалыптастырудың маңызды бөліктерінің бірі - партияның қоғамдық қабылдау бөлімдері.
Бүгінгі күні «Нұр Отан» партиясы 16 облыста, Астана мен Алматы қалаларында және 241 аудандық және қалалық құрылымдарда қоғамдық қабылдау бөлімдерін ашқан, деп хабарлайды аталмыш саяси ұйымның баспасөз қызметі.
Партияның Орталық аппаратында азаматтарды қабылдаудан басқа, тұрақты түрде Парламент Мәжілісі - «Нұр Отан» ХДП Фракциясы мүшелері қабылдау өткізіп, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, банктер мен басқа да ұйымдардың жетекшілері, Қазақстан Адвокаттар одағының, «Қоғамдық қорғау» РҚБ-нің өкілдері азаматтарға тегін консультативтік-құқықтық кеңес береді.
12 қарашада Орталық аппаратың Қоғамдық қабылдауында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин кезекті рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Адамдар түрлі сұрақтармен келді. Атап айтар болсақ, ТЖМ ардагер-қызметкерлер Кеңесінің төрағасы Нұрпейіс Ақпаров Астанадағы емханалар мен госпиталь құрылысына көмек көрсетуді өтінсе, «Қазақстан мүгедектер одағы» Республикалық ұйымының төрағасы Әли Аманбаев Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясына мүше-депутаттардың көмегімен мүгедектердің құқығы туралы Конвенцияны ратификациялау жөнінде, сондай-ақ мүгедектердің халықаралық қоғамдық кеңесін құру туралы тілегін алға тартты. Қоғамдық қабылдауға келгендер сонымен қатар, «Бизнестік жол картасы - 2020» және үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыру аясындағы маңызды өндірістік нысандардың құрлысы мәселелерін сөз етті.
Қабылдау барысында Нұрлан Нығматулин: «Елбасы, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің алдымызға халық проблемасын шешудің тиімді жүйесін табу, барлық жерде партияның қоғамдық қабылдау бөлімдерінің жұмысын күшейту туралы тапсырма берген болатын. Сондықтан бүгінгі күні кез-келген азаматтың өтінішін жауапсыз қалдырмау - біздің басты мақсатымыз»,- деп баса атап өтті.
Жалпы ағымдағы жылдың басынан бері партияның қоғамдық қабылдау бөлімдеріне барлығы 69397 өтініш түскен. Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда өтініштер саны тұрғын-үй коммуналдық саласы бойынша 2,5%-ға, лауазымыды түлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері бойынша - 2,4%-ға және еңбекақының төленбеуі бойынша 1,9%-ға артқан. Сондай-ақ, өзекті мәселенің қатарында үлестік құрылыс жайы да бар.
2010 жылдың басынан бері мемлекеттік және өкілеттік органдардың қарауына 21070 өтініш жіберілді, оның 17001-і бойынша, яғни қарауға жіберілгендердің 81%-на жауап алынды, оның - 8894-ы, немесе 52 %-ы қанағаттанарлық.
«Нұр Отан» партиясы қазақстандықтардың проблемасын қарқынды шешу үшін қолда бар барлық мүмкіндікті кеңінен пайдалануды межелеп отыр.