«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматулин ТМД-дағы жауынгер-интернационалистердің ардагерлер ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті
Бұл туралы бүгін ТМД-ға мүше елдердегі жауынгер-интернационалистердің ардагерлер ұйымдарының көшбасшыларымен кездесуінде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан - кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 20 жыл толуын салтанатты атап өтіп отырған алғашқы мемлекет. Мұнда «Нұр Отан» партиясының төрағасы, ел Президенті Н.Назарбаевтың еңбегі зор. Қазақстан Президентінің бастамасымен үстіміздегі жылғы ақпанның 2-6 аралығында Алматы қаласында «Біз - интернационалистерміз!» халықаралық акциясы ұйымдастырылып, оған Мемлекет басшысының өзі, қазақстандық және Балтия, Болгария, Франция және басқа да елдердің интернационалист- жауынгерлері қатысты», - деп атап өтті ол.
Сондай-ақ Н.Нығматулин, бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында басталған Орталық Азия елдерінің, Балтық, Ресей, Қазақстан және АҚШ-тың интернационалист-жауынгерлері ұйымдарының халықаралық форумы - Ұлы Жеңістің 65 жылдығын атап өту аясында партия ұйымдастыратын іс-шаралардың бастамасы екендігін атап өтті. Оның басты мақсаты - интернационалист-жауынгерлердің ерлігін насихаттау, оларға құрмет көрсету.
«Сіздердің өзара демеушіліктеріңіз бен бірліктеріңіз жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде үлгі болуы тиіс және мен солай болатынына сенімдімін. Форум жұмысы барысында, жалпы өмірлеріңізде табысты еңбек тілеймін», - деді Н.Нығматулин.