«Нұр Отан» ХДП жанындағы Жоғарғы партия мектебінің жаңа оқу маусымы басталды

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы жанындағы Жоғарғы партия мектебінде (ЖПМ) жаңа оқу маусымы ашылды.

«Нұр Отан» ХДП жанындағы Жоғарғы партия мектебінің жаңа оқу маусымы басталды

Бұл туралы партияның баспасөз қызметінен мәлім етті.

ЖПМ-нің басты миссиясы - партия менеджерлерінің кәсібилігін арттыру.  Жолдауда және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» мақаласында Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық бағытты іске асыру жағдайында өте өзекті болып отыр. 

Партияның облыстық және аудандық филиалдарының бірінші орынбасарлары мен бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері үшін бірінші оқу семинары   «Саяси менеджмент партия қызметін ұйымдастыру жүйесінде» тақырыбында оn-line  режимінде ұйымдастырылған болатын.  

Астана қаласында және Мектептің үш филиалында - Алматы, Ақтөбе, Семей қалаларында бір мезгілде өткен семинар қатысушылары алдында «Нұр Отан» ХДП хатшысы В.Я.Бобров және ЖПМ директоры Б.Қ.Есекина құттықтау сөз сөйледі.  Баяндамаларда «Нұр Отан» ХДП-ның партия Көшбасшысы Н.Назарбаевтың өзінің бағдарламалық құжаттарында белгіленген әлеуметтік жаңғырту басымдықтарына қол жеткізудегі жетекші рөлі атап өтілді. 900 мыңнан астам мүшесі бар Президент партиясы елді әлеуметтік дамыту міндеттерінің барлық спектрі бойынша  жұмысқа белсене араласуы тиіс, бұл үшін партия өз кезегінде кәсіби деңгейі мен құзыретін үнемі арттырып отыру қажет.              

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, саясат ғылымдарының докторы, профессор К.Н.Бұрханов, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Б.Б.Нұрымбетов, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Е.Әбілқасымов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, саясат ғылымдарының докторы Ю.О.Бұлұктаев   және басқалар қатысты.  

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Е.Әбілқасымовтың «Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы» тақырыбына дәрісі Мектеп филиалдарында  оn-line режимінде көрсетілді.   

Семинар шеңберінде  «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының басшысы К.И. Ақсақаловтың төрағалығымен  «Әлеуметтік жаңғырту жағдайында партия қызметін жетілдіру» дөңгелек үстелі өткізілді. Семинар аяқталған соң тыңдаушылар электрондық тестілеу мен жобаларды қорғау түрінде аттестациядан өтті. Орталық пен оның филиалдарында барлығы 116 тыңдаушы оқыды.