"Нұр Отан" ХДП жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша ашық байқау жариялады
АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» халықтық-демкоратиялық партиясы жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша ашық байқау жариялады. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Байқау жемқорлықпен күрес жұмысының тиімділігін арттырып, қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты және жемқорлыққа деген төзімсіздікті нығайту, партияның жемқорлыққа қарсы қызметін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
ҚазАқпарат осы ереженің толық мәтінін таратады.
Жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының
ашық байқауы туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша «Нұр Отан» ХДП байқауы (бұдан былай - Байқау) жемқорлықпен күрес жұмысының тиімділігін арттырып, қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты және жемқорлыққа деген төзімсіздікті нығайту, партияның жемқорлыққа қарсы қызметін насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
2. Байқау жұмысын ұйымдастыру және оны өткізу Ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
3. Осы Ереже партияның барлық аймақтық филиалдарына жолданады, байқауға қатысуға ниет білдіруші үміткер тұлғалардың барлығына танысу үшін беріледі және партияның веб-сайтында, басқа да БАҚ-та жарияланады.
2. Байқауға қатысу шарттары
4. Байқауға қатысуға осы Ережеде көрсетілген тақырыпқа мән беретін және осы тақырып бойынша материалдар топтамасы бар ниет білдіруші суретшілердің барлығы шақырылады.
5. Байқауға қатысуға жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған материалдар қабылданады.
6. Байқауға рамкаланған және сантиметрлік өлшем (70х40) форматындағы плакаттардың түпнұсқасы ұсынылуы тиіс.
«Нұр Отан» ХДП ақысыз және авторлардан қосымша рұқсат алусыз жұмыстардың барлығын өзінің жемқорлыққа қарсы науқан жұмысында қолдануға құқылы.
7. Байқауға ұсынылатын материалдармен бірге міндетті түрде жұмысқа берілген түсініктеме және келесілер көрсетілген түйіндеме қоса беріледі: аты-жөні (толық), үйінің мекен-жайы, телефоны (үй, жұмыс, мобильді), жұмыс орны, e-mail (бар болған жағдайда), байқауларға, көрмелер мен тұсау кесерлерге қатысуы (егер қатысса), сондай-ақ, автордың қалауымен, марапаттары және сертификаттары.
8. Жұмыстар осы ережеде көрсетілген тәртіпте және мерзімде тапсырылады.
Жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес келмейтін және жобаларды ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен материалдар байқауға жіберілмейді.
Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарып берілмейді, авторларға рецензия берілмейді.
3. Байқау өткізуді ұйымдастыру
9. Байқау екі кезеңде өтеді:
1-кезең - қатысушылар өз жұмыстарын партияның аймақтық филиалдарына 2012 жылғы 1 мамырдан 1 қазанға дейін жолдайды, аймақтық партия филиалдары ең үздік үш жұмысты іріктеп, Партия орталық аппаратына байқаудың Ұйымдастыру комитетінің адресіне 2012 жылғы 10 қазанға дейін жолдайды;
2-кезең - Партия орталық аппаратында үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейін байқау жеңімпаздары мен лауреаттары айқындалып, марапаттау рәсімі өтеді.
10. Жеңімпаздар мен лауреаттарды жариялау байқауды жалпы қорытындылау аясында жүзеге асырылады. Онда ең үздік үш жұмыс айқындалып, тиісінше бірінші, екінші және үшінші орындар, сондай-ақ 5 лауреат айқындалады.
11. Сыйақылар мен дипломдарды тапсыру Партия орталық аппаратында салтанатты түрде жүзеге асырылады. Сыйақы авторлар ұжымына тағайындалса, оның ақшалай бөлігі ұжым мүшелерінің арасында тең бөлінеді.
4. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы
12. Байқауға түскен материалдарды бағалау барысында келесі критерийлер назарға алынады:
1) белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;
2) талдаудың тереңдігі мен тақырыпты ашудың барабарлығы;
3) нақтылығы және логикалық негізділігі;
4) стилі;
5) техникалық сапасы;
6) авторлық тұжырымдаманың дербестігі;
7) этикалық принциптерге сәйкестігі;
8) сыртқы безендірілуі.
5. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
13. Ұйымдастыру комитеті мыналарды жүзеге асыруға құқылы:
1) ұсынылған жұмыс Байқау туралы ереже талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ қатысушы ұсынған ақпараттар дұрыс болмаған жағдайда үміткерді байқауға қатыстырудан бас тарту;
2) Қазылар алқасының мүшелері өз өкілеттіктерін пайдлана отырып, қандай да бір үміткерге қатысты қиянатшылық жасағандығы айқындалса, байқаудың сол кезеңдегі нәтижелерін жоққа шығару.
14. Ұйымдастыру комитеті мыналарды іске асыруға міндетті:
1) қатысушылардың барлығы үшін тең жағдайлар жасау;
2) байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
3) нәтижелер туралы мәліметтердің белгіленген мерзімге дейін жария етілуіне жол бермеу.
4) Қорытынды жасау үшін Байқаудық қазылар алқасына материалдарды дер кезінде беру;
5) Байқау қорытындысын жеңімпаздар мен лауреаттардың назарына жеткізілуін қамтамасыз ету.
15. Ұйымдастыру комитеті осы Ереженің, байқауға дайындалу және өткізу ережелері мен процедуралары сақталмағаны үшін жауап береді.
6. Қазылар алқасының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі
16. Қазылар алқасы мыналарды жүзеге асыруға құқылы:
1) байқауға келіп түскен материалдарға баға беру;
2) жеңімпаздар мен байқау лауреаттарына сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау;
3) белгіленген сметаның аясында ақшалай сыйлықтар тағайындай отырып, жеңімпаздар орындарын мен лауреаттарды өз бетінше айқындау.
17. Қазылар алқасы мыналарды іске асыруға міндетті:
1) қатысушылардың барлығы үшін тең жағдай жасау;
2) нәтижелер туралы мәліметтердің белгіленген мерзімге дейін жария етілуіне жол бермеу.
Байқауға қатысып отырған тұлға Қазылар алқасының мүшесі бола алмайды.
Қазылар алқасы осы Ережені, байқауды өткізудің ережелері мен процедураларын бұзғаны үшін жауап береді.
7. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
18. Байқауға қатысушылар мыналарды жүзеге асыруға құқылы:
1) байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;
2) осы Ереженің тармақтарын түсіндіруді өтініп, Ұйымдастыру комитетіне, партияның аймақтық филиалдарына бару;
3) Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.
19. Қатысушылар мыналарды іске асыруға міндетті:
1) байқаудың мән-жайымен алдын ала танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптармен танысып, зерделеу;
2) осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды дер кезінде ұсыну;
3) осы Ережеде қарастырылған шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтау.
20. Қатысушылар мыналар үшін жауап береді:
1) осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін;
2) материалдарда, түйіндемеде ақпараттардың шынайы берілуіне.
8. Медиа-ресурстар
Байқауға ақпараттық қолдауды партиялық медиа-ресурстар, басқа да бұқаралық ақпарат құралдары қамтамасыз етеді.
9. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 12/1, тел. 55 55 61, 70 76 33.