«Нұр Отан» ХДП Жоғары партия мектебінің жаңа оқу кезеңі ашылды

СТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Жоғары партия мектебінің жаңа оқу кезеңінің ашылуына орай семинар өтті.
None
None

Жоғары партия мектебі, ҚР Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның кезектен тыс ХІІ-ші съезінде, орталық және аймақтық деңгейде партиялық-саяси оқу жүйесін жетілдіру мақсатында берген тапсырмасы негізінде құрылған болатын.

«Баршаңызға белгілі, қазіргі уақытта заманға сай білім, тәжірибе болмаса үлкен табыстарға жету, бәсекеге қабілетті болу мүмкін емес. Сондықтан Елбасымыз, партиямыздың Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, әрқашанда партия кадрларының саяси білімін, тәжірибесін күшейту, сапасын көтеру туралы тапсырма беріп келеді. Себебі, Президенттің биылғы тарихи Жолдауында көрсетілгендей, еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы алдағы 10 жылдың ішіндегі ең негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Оны жүзеге асыру жаңа қадамды, жаңа идеяны, жаңа білімді қажет етеді», деді семинарды ашқан партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.

Н.Нығматулин атап көрсеткендей, өткен төрт айдың ішінде аталмыш мектепте 200-ге жуық адам білім алды. Олардың 92-сі - бастауыш партия ұйымдарының төрағалары.

Семинар барысында бүгінгі күні партия мониторингі, бағалау және талдау жұмыстарын үйлестіру бойынша межелі жоспарларды жүзеге асыру үшін кадрларды қалыптастыруы керектігі айтылды. Ол үшін инновациялық жобаларды жүзеге асыру үрдісіне қатысатын және басқаруға қабілетті толыққанды дайындықтан өткен басшылар қажет.

Семинар жұмысына бастауыш партия ұйымдарының жетекшілерімен бірге, ірі кәсіпорындардың басшылары, білім және ғылым салаларының, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің, «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар