«Нұр Отан» индустриялық жобалардың жүзеге асырылуын бақылайтын партиялық бақылау қосындарын құруда
«Бүгінгі форумның мақсаты - кәсіпкерлерді және барша қоғамды белсенді іс-қимылға шақыру. Біз, билік партиясы, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының тиімді жүзеге асуына бар күш-жігерімізді салатын боламыз. Барлық индустриялық жобалардың басында партиялық бақылау қосындары құрылуда», - деді Р.Оразғұлов өз сөзінде.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары туралы сөз болған форумға «Нұр Отанның» Қарағанды, Павлодар облыстарындағы, Астана қаласындағы филиалдарының, партияның орталық аппаратының, министрліктер мен ұлттық компаниялардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары, кәсіпкерлер қатысты.