«Нұр Отан» Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы тұжырымдамасының жобасын әзірледі
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінгі күнде Инновациялық комитет тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып ,2030 жылға дейінгі перспективадағы 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы тұжырымдамасының жобасын әзірледі», деді брифингте Б. Әбдішев.
Оның сөзіне қарағанда, келесі аптада «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысы өтетін болады. Инновациялық комитет тұжырымдаманың жобасын саяси кеңес мүшелерінің талқылауына шығармақ. Б. Әбдішев дағдарыстан кейінгі дамуға қажетті тұтас құжат жасау үшін партияның көзқарасы Үкіметке жеткізілетінін атап көрсетті.
«Тұтастай алғанда, тұжырымдамада экономикамыздың барлық салалары сарапталып, біздің көзқарасымыз білдірілген. Онда қандай бағыт бойынша жұмыс істеу қажеттігі жөнінде ұсынымдар бар», деді ол.