«Нұр Отан» оңтүстікқазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға ұмтылып отыр

ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат / Татьяна Пылаева/ – Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының – «Нұр Отан» ХДП мүшелерінің облыстық форумы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Халық қалаулылары оған облыс қалалары мен аудандарының басшылары, кәсіпорындардың өкілдері, ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырды. «Нұр Отан» ХДП ОҚО филиалының төрағасы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов жиналғандардың алдында «Қазақстанның гүлденуі мен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін: еліміздің әрбір азаматының өмірін қалай жақсартамыз» атты партияның Халықтық тұғырнамасының орындалу барысы туралы баяндама жасады. Облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық және басқа да міндеттерін шешуге бағытталған ұйымдастыру, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, қаржылық және техникалық шараларын кешендерін айқындайтын 26 аймақтық бағдарлама әзірленді және жұмыс істеуде.Мысалы, оңтүстік тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері «Нұр Отанның» айрықша бақылауына алынған. 72 сумен жабдықтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Ол 350 000-нан астам халқы бар 62 елді мекенді сумен жабдықтауға мүмкіндік береді.Облыста денсаулық сақтау саласына үлкен көңіл бөлінуде. 2008 жылы 19 нысанның құрылысын салу көзделген. Оның ішінде жалпы құны 5 393,8 млн. теңге ? республикалық бюджет есебінен 13, жалпы құны 1 499,7 млн. теңге ? облыстық бюджет есебінен 6 нысан бар. Желтоқсанның басында олардың екеуі пайдалануға тапсырылды. Олар ? Шымкенттегі қан орталығы мен Отырар ауданындағы ауылдық аурухана. «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалдық мектебі» жобасына сәйкес ОҚО-да осындай екі мектеп ашу жоспарланған. Сонымен қатар, үш жыл ішінде төрт кәсіптік-техникалық мектеп салынатын болады. Аймақтың барлық ірі кәсіпорындарымен әлеуметтік жауапкершілікті арттыру туралы меморандум жасалды.Депутаттар партияның Халықтық тұғырнамасын іске асыруда атқарушы биліктің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.
Соңғы жаңалықтар