«Нұр Отан» өз қатарын жемқорлардан белсендi түрде тазартуға кiрiстi - Б.Байбек
«Мемлекетте, қоғамда қажеттiлiк туындап отырғанда жемқорлыққа деген ымырасыздық санасына мықтап бекуi үшiн жүйелi түрде жұмыс атқаруымыз қажет. Бұл мiндеттi табысты орындауда «Нұр Отан» мен мемлекеттiк органдар iс-қимылы азаматтық қоғам институттарымен үйлесiмдi болып, ол жалпыұлттық сипатқа ие болуы маңызды. Оған партияның депутаттық фракциялары, қоғамдық қабылдау, электрондық партия жүйесi, партиялық пiкiр алмасу алаңшалары, БАҚ өкiлдерi белсендi қатысады және қажеттi оң серпiн беруге қабiлеттi. Осы мақсатта партия жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiнде жаңа бағдарлама жобасын дайындады», - деп атап өттi ол.
Оның айтуынша, ең бастысы жемқорлыққа қарсы iс-қимылды партия қатарынан ғана емес, мемлекеттiк қызметкерлер мен саяси шешiм қабылдайтын лауазымды тұлғалар арасында да жүргiзу қажет. Оған елдегi ұлттық заңнама тұрғысынан да, өзге салалар бойынша да жағдайлар жасалған.
«Партия бiр жағынан мемлекеттiк органдарға бақылауды сапалық тұрғыда күшейтуге, екiншi жағынан тәртiптi күшейтуге және өз қатарын тазарту шаралары арқылы қоғамға үлгi көрсетуге мүдделi», - дедi Б.Байбек.
Партия Төрағасының бірінші орынбасары атап өткендей, соңғы жарты жылдың өзiнде партия мүшелерiнiң саны 25 мың адамға азайған. Бұл партияның құрамдық сапасын түбiрiмен жақсартуға бағытталған саясатының жүргізілуімен түсiндiрiледi.