Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Нұр Отан» партиясы аппаратында «Н. Назарбаев: гуманизм және саяси ерік» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

АНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында «Нұрсұлтан Назарбаев: гуманизм және саяси ерік" атты орысша шыққан кітаптың тұсаукесер рәсімі болып өтті,

«Нұр Отан» партиясы аппаратында «Н. Назарбаев: гуманизм  және  саяси  ерік» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың саяси және мемлекеттік қайраткерлігі туралы сыр шертетін кітаптың авторлары - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Жемқорлықпен күрес жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов, философия ғылымының докторы, профессор Гурий Хан, философия ғылымының кандидаты ҚазГЗУ профессоры Ирина Хан болып отыр. Кітапта сондай-ақ мемлекет басшысының баяндамалары, мақалалары, еңбектері негізінде оның барлық саяси және мемлекеттік қызметіне қатысты ғылыми пайымдаулар мен жүйелі талдаулар жасалған. Авторлар ғылыми-философиялық талдаулар жасай отырып, тұтастай қазақстандық қоғамды жетілдірудегі саяси көшбасшының ізгілікті қағидаттарына баса мән береді. Жаңа әлемдік тәртіп контексінде Елбасының халықтың және мемлекеттің мүддесі тұрғысындағы саяси жігеріне, оның өміршең бастамаларына ерекше назар аударылады, филосифиялық талдауларында соған сүйенеді.

Үш бөлімнен тұратын кітаптың алғашқы бөлімінде мемлекет пен қоғамның мүдделерін көрсетудегі саяси лидердің қайраткерлік ерік жігері туралы әңгімелер өрбиді. Келесі бөлімінде Н. Назарбаевтың қазақстандық қоғамды жүйелі жаңғыртудағы ізгілік пен ақиқатты бастамаларына назар аударылады. Үшінші бөлім жаңа әлемдік тәртіп контексіндегі Президенттің саяси жігерлері жайында әңгіме қамтылады. Соңына таман Н. Назарбаев туралы әлемнің көрнекті саясаткерлері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің ықыластарына, лебіздеріне де орын берілген.

Кітаптың тұсаукесеріне Парламент депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.