«Нұр Отан» партиясы ел өміріне елеулі өзгерістер әкелген заңдарды қабылдауға үлкен үлес қосты

күйектің  1-і.  ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - «Нұр Отан» партиясының Парламенттегі фракциясы өткен сессияда пәрменді жұмыс істеп, ел өміріне елеулі өзгерістер әкелген заңдарды қабылдауға үлкен үлес қосты. Партия Үкіметпен бірлесе отырып, дағдарысқа қарсы шаралардың жүзеге асуын қадағалады. Тұтастай алғанда партияның екінші сессиясының жұмысы жемісті болды деп есептеймін», деді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысын ашуда сөйлеген сөзінде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, екінші сессия барысында республикалық бюджеттің үш жылдық жоспары тұңғыш рет арнайы заң арқылы бекітілді. Мемлекет Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі туралы негіздемелі конвенциясы мен Киото хаттамасын ратификациялап, экологиялық кодекс пен су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарын қабылдады.

«Бұл құжаттар біздегі қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға және экология мәселелерінің тиімді шешілуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар демократиялық үрдістерді жеделдету, саяси жүйені одан әрі дамыту мен саяси партиялардың қоғам өміріндегі рөлін арттыру бағытында бірқатар заңдар қаралды. Бұған қоса «ҚР саяси партиялар туралы», «ҚР сайлау туралы» заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», деді Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ өз сөзінде Парламенттің өткен сессиясында «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» және «Жоғарғы сот кеңесі туралы» заңдардың қабылданғандығын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар