«Нұр Отан» партиясы каратэ-додан XVII әлем чемпионатының жеңімпаздарын марапаттады (ФОТО)

Айта кетейік, дода кезінде қазақстандық спортшылар 17 алтын, 9 күміс және 2 қол медаль еншілеген болатын.
"Ең алдымен, өзімнің алғысымды біздің чемпиондарды тәрбиелеп шығарған ата-аналар мен бапкерлерге білдіргім келеді. Ол сіздердің еңбектеріңіздің арқасы. Біздің чемпиондарға жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін", - деді марапаттау рәсімінде Нұр Отан партиясының елордалық филиал басшысының бірінші орынбасары Сапар Аxметов.
Каратэ-додан XVII әлем чемпионаты ОАР-ның Йоxаннесбург қаласында 28-30 тамызда өткен.
Ерекше өнерімен көзге түскендердің қатарынан Қайсар Қуанышты (9 жаста), Сержан Жаңбыршинді (9 жаста), Данил Заиканы (11 жаста) ерекше атауға болады. Олар топтық кумитте 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында да жеңіске жетті.
Сонымен қатар біздің құрамада Әлем чемпионатында бір емес, бірнеше рет жеңіске жетіп отырғандар да бар. Мысалы, Бэлла Самашева үш дүркін әлем чемпионы атанса, Еркежан Мүтәліп екінші әлем біріншілігінде жеңіске жетуде.