«Нұр Отан» партиясы қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында ең үздік жариялау бойынша журналистер арасында «Нұр Сұңқар» республикалық байқауы жалғасуда

СТАНА. Мамырдың 26-і. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында үздік жариялау бойынша журналистер арасында жарияланған республикалық конкурс жалғасуда. ҚазАқпарат Конкурс туралы ереженің толық мәтінін жариялайды.
None
None

***

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында ең үздік жариялау бойынша журналистер арасында өтетін «Нұр Сұңқар» республикалық байқауы туралы

1. Жалпы ережелер
1. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында ең үздік жариялау бойынша журналистер арасында «Нұр Сұңқар» республикалық байқауы (бұдан былай - байқау) журналистер қауымын «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының (бұдан әрі - партия) қызметін жариялауға тартып, халықты партия қызметі туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында және бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) партия қызметін ең үздік жариялағаны үшін журналистерді көтермелеу мақсатында өткізіледі.

2. Байқаудың мақсаттары:

елдің түрлі аймақтарындағы журналистер назарын партия қызметін жариялауға аудару;

Қазақстан қоғамдастығын партияның бағдарламалық құжаттарының іске асырылуы жөнінде ақпараттандырылу деңгейін арттыру;

партия мен БАҚ өкілдері арасында серіктестік пен ынтымақтастықты дамыту.

3. Сыйлықтарды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсыру баспасөз, телевизия және радио күнімен сабақтастырылады.

4. Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

5. Байқау комиссиясының құрамына «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Партия орталық аппаратының құрылымдық бөлімдері мен «Жас Отан» ЖҚ басшылары, Қазақстан Журналистер одағы мен Бас редакторлар клубының өкілдері және басқалары кіреді.

6. Байқау комиссиясы сыйлықтар ізденушілері мен дипломдар мен бағалы сыйлықтар алушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

материалдардың объективтілігі;

көтерілген проблемалардың тереңдігі мен олардың шығармашылық талдануы;

материалдар туғызған қоғамдық резонанс;

жұмыстардың шығармашылық толымдығы.

7. Байқауды өткізуді үйлестіру

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру құрамын партия Төрағасының Бірінші орынбасары бекітетін байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

8. Ашықтық

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

9. Жеңімпаздар келесі байқауға 3 жылдан кейін ғана қатысуға құқылы.

2. Байқауға қатысу шарттары
10. Байқауға қатысушылар
Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық БАҚ журналистері шақырылады.

11.Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы
Байқауға партияның және оның филиалдарының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциялары мен бастауыш партия ұйымдарының қызметі туралы, партияның өз бағдарламалық құжаттарын іске асыруы туралы, партиялық бастамалардың қоғамдық маңыздылығы мен партияның жастар саясаты жөніндегі материалдар қабылданады.
2010 жылғы 1 ақпаннан 2010 жылғы 10 маусымға дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік тергеулер және басқалары) қабылданады.

12. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар
Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.
Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (VHS таспада, cd/dvd дискілерінде), дыбыстаспада ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.
Материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Материалдар байқауға электрондық пошта арқылы қабылданбайды. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні - 2010 жылғы 10 маусым (қабылданатын күн). Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.
13. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың саны - бір журналист ұсынатын материалдардың саны бесеуден аспайды.
14. Жұмыстар байқаудың Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес, талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

3. Байқаудың өту кезеңдері
15. Алғашқы кезең
Республикалық және жергілікті БАҚ-та байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.

16. Байқауды өткізудің негізгі кезеңі
Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің адресіне келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.

17. Қорытындылау
Жеңімпаздарды жариялау келесі аталымдар бойынша байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады:
«Эксперт», «Сарапшы» - партия туралы, Халықтық тұғырнаманың, сондай-ақ басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы ең үздік аналитикалық материалдар үшін;

«Наш депутат», «Біздің депутат» - депутаттық фракциялар, депутаттық корпус, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының қызметі туралы ең үздік материалдар үшін;

«Лента новостей», «Жаңалықтар тізбесі» - ақпараттық агенттіктер партия қызметін ең үздік жариялағаны үшін;

«Вести из регионов», «Аймақ жаңалықтары» - партияның аймақтардағы қызметі мен партияның аймақтық филиалдарының қызметін ең үздік жариялағаны үшін;

«В кадре партийные кадры», «Кадрда партиялық кадрлар» - бастауыш партия ұйымдары туралы, сондай-ақ партия мүшелерінің қатысуымен дайындалған ең үздік материалдар үшін;

«Точка зрения», «Көзқарас» - партия қызметін жариялауға стандартты емес әдіс-тәсілмен айрықшаланған ең үздік материалдар үшін, партиялық бастамалар мен жобалар туралы айрықша пікір үшін;

«Первый шаг», «Алғашқы қадам» - бұқаралық ақпарат құралдарының жас өкілдерінің (30 жасқа дейінгі) партия мен «Жас Отан» Жастар қанатының қызметі туралы, сондай-ақ партия жүргізіп отырған жастар саясаты туралы ең үздік материалдары үшін;

«Доверие», «Сенім» - партияның Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметі туралы ең үздік материалдар үшін;

«Мастер объектива», «Объектив шебері» - партия туралы ең үздік операторлық жұмыс, сондай-ақ фотоматериал үшін.

18. Жеңімпаздарды марапаттау
Сыйлықтар 18 аталым бойынша белгіленеді (қазақ тілінде - 9, орыс тілінде - 9).

4. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы
19. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаңашылдық; талдаудың тереңдігі мен проблеманы ашудың барабарлығы; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманың өзіндік ерекшеліктері; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканың этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

5. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары мен міндеттері
20. Ұйымдастыру комитеті мыналарды іске асыруға құқылы:
Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкессіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қатыстырудан бас тарту;
Байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін пайдалана отырып, қандайда бір үміткерге қатысты қиянатшылық жасағаны айқындалған кезеңде байқау қорытындыларын жоққа шығару.

21. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;

байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;

байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

6. Байқау комиссиясының құқықтары мен міндеттері
22. Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы: байқауға түскен материалдарға баға беру; жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.
23. Байқау комиссиясының міндеттері: барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау; байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.

7. Қатысушылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
24. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;

Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарын түсіндіруді сұрау;

байқауға қатысу үшін материал жолдау.
25. Байқауға қатысушылардың міндеттері:

байқаудың мән-жайымен алдын ала танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;

осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақтылы ұсыну;

осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

26. Байқауға қатысушылар мыналар үшін жауапты:
материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;
осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.

8. Медиа-ресурстар
Байқауға ақпараттық қолдау жасауды партиялық медиа-ресурстар мен ақпараттық серіктер қамтамасыз етеді.
9. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты
Байқаудың ұйымдастыру комитеті: 010000, Астана қаласы, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты, Д. Қонаев көшесі, 12/1, №606 каб., тел.: 55-55-96, 70-76-08.

Соңғы жаңалықтар