«Нұр Отан» партиясы республиканың дарынды жастары арасында айтыс ұйымдастырып отыр

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Нұр Отан» партиясы «Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!» тақырыбында айтыс өткізеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айтыстың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің рөлін күшейту, қазақ ұлтының мәдениетін насихаттау, дарынды жастарды іріктеп, оларға қолдау көрсету, қоғамның түйткілді мәселелерін алға тартып, көркемсөз өнерінде өздерін шыңдай білген ақындарды ынталандыру. Бәсекелі тартыс үш кезеңнен тұратын болады. Ақпанның 6-сы күні Қызылордада сайыстың салтанатты ашылуы мен алғашқы іріктеу кезеңі өткізіледі. Ал 7-ші ақпанда екінші кезең, жартылай мәре мен ақтық сайыс болады деп жоспарлануда.
Соңғы жаңалықтар