«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары ақтөбелік жастармен кездесті

ҚТӨБЕ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Ақтөбе қаласының сыртындағы Қарғалы ауылындағы аурухана құрылысының жұмыстарына қатысқан ақтөбелік студенттердің құрылыс жасақтары жастарымен кездесті.
None
None

Осы жерде ол студенттік құрылыс жасақтарымен бірге салынып жатқан нысанның ауласына гүл бағын отырғызды.

Ақтөбелік жастармен кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Ақтөбеге елді мекендерді абаттандыруға арналған «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты ауқымды жастар марафонына қатысуға келгендігін айтты.

«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары аталмыш іс-шара өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталғандықтан, Президент ақтөбелек жастардың бастамасын толықтай қолдайтындығын және бастаманы елдің басқа аймақтарына таратуға шақыратындығын атап өтті.

Ақтөбе облысындағы бірінші жұмыс күнін қорытындылай келе Н.Нығматулин Қазақстанның жедел индустриялық-инновациялық бағдарламасы бойынша жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалардың барысына көңілі толатындығын атап өтті.

Кездесуден кейін Н.Нығматулин «Ақтөбе орталық» ЖШС көлік-логистикалық орталығының құрылысымен танысуға аттанды.

Соңғы жаңалықтар