«Нұр Отан» партиясы жастар мәселесін үнемі назарда ұстап отыратын болады

ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Нұр Отан» партиясы жастар мәселесін үнемі назарда ұстап отыратын болады.
None
None
Бұл туралы облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшардың жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алдымен «Нұр Отан» ХДП-ның құрылу тарихына тоқталған М.Құлшар жастарды толғандырып жүрген мәселелерді де шет қалдырған жоқ. Өткен жылдан бері Оралда студенттерді жеңілдетілген жолақымен қамту қолға алынғанымен, бұл өз мақсатына жетпеген, яғни бөлінген қаржының 2 млн. теңгесі игерілмей қалған. Сондай-ақ студенттер елімізде жұмыстанып жатқан шетелдік компаниялар облыс жастарын шетелде оқытуға қаржы бөліп, оларды жұмыспен қамтамасыз етсе, үздік оқитын жастарға жергілікті билік тарапынан да қолдау көрсетілсе деген тілектерін жеткізді. Облыстық мәслихат хатшысы мұндай мәселелерді ретке келтіруге күш салатынын білдірді.
Соңғы жаңалықтар