«Нұр Отан» партиясы «Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел» жобасын іске қоспақшы

Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаны іске асыру тұрғындардың жемқорлыққа қарсы мәдениетінің төмендігі, құқықтық сауаттылығының аздығы, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қолайсыз факторлар, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау атмосферасын қалыптастыру бойынша ақпараттық жұмыстың әлсіздігі мен оны ескертудің тиімсіздігі секілді проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған.
«Жоба бес жылға есептелген - бұл партиялық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңі және ол жемқорлықтың кез-келген көрінісіне «атымен төзбеушілікті» қалыптастыруға, азаматтардың бойында жемқорлыққа қарсы иммунитетті туғызуға және биліктің жемқорлыққа қарсы қабылдап жатқан іс-шаралары туралы тұрғындарды хабарландыруға бағытталған», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Республикалық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов.
Жоба мына бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
Азаматтардың жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру.
Мысалы, «Нұр Отан» партиясы мүшесінің әдептілік өлшемінің жобасы, құқық қорғау органы қызметкерінің ар-ождан Кодексі әзерленетін болады, мектептерде «Құқық негізі» пәніне жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру бойынша тақырып енгізіледі, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша оқу және оқу-әдістемелік құралдар дайындалады және енгізіледі.
Жемқорлыққа қарсы тәрбиені күшейту.
Бұл бағыт шеңберінде оны интернетте орналастыра отырып, әлеуметтік сауалнамалар негізінде жемқорлық деңгейі бойынша білім беруді ұйымдастырудың рейтингін жасау, республикалық конкурстарды ұйымдастыру, оқушылар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған олимпиадалар өткізу, танымал тұлғалардың жастармен кездесуі, «Таза сессия», «Өзіңнен баста» т.б. іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
Жемқорлыққа қарсы алаңды кеңейту .
Жемқорлық туралы азаматтардың өтініштерімен жұмысты жетілдіру және т.б.
Жобаны іске асырудың негізгі мақсатты индикаторы болатындар: қоғам мен мемлекет үшін азаматтардың жемқорлық қаупін қабылдау деңгейі; жемқорларға деген теріс көзқарас пен жемқорлық мінез-құлқын қабылдамау; параны өз мәселесін шешудің тәсілі ретінде қабылдайтын тұрғындар санын азайту және 2025 жылға таман тұрғындардың құқықтық сауаттылығы деңгейін кем дегенде 60%-ға көтеру.