«Нұр Отан» партиясы жемқорлықты экстремизммен салыстырып, сол деңгейде күресетін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы сыбайлас жемқорлықпен күресті жандандырып, 2021 жылға қарай Жемқорлықтың қабылдану индексін қазіргі 126-орыннан 50-ші орынға дейін жақсартуға ниетті. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХVІІ съезінде қабылданған партияның 2016-2021 жылдарға арналған бесжылдық бағдарламасында қамтылып отыр.
«Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықты еңсеру ел дамуының аса маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Жемқорлық деңгейін күрт төмендетпейінше, экономикалық қауіпсіздік, көлеңкел экономиканы қысқарту және шағын және орта бизнесті дамыту мүмкін емес», - делінген бағдарламада. Бұл ретте Президент Н. Назарбаевтың 5 институттық реформасы мен партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру өзекті бола түседі.
«Осы орайда партия жемқорлықтың кез келген көріністеріне атымен төзбеушілік ахуалын жасау жолымен жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тартуға салмақ салады. 2021 жылға қарай Жемқорлықты қабылдану индексіндегі қазіргі позицияны 126-дан 50-і орынға дейін жақсартамыз. Жемқорлық - қатері жағынан экстремизмнен еш кем емес жау. Сондықтан да, «Нұр Отан» жемқорлықпен дәл сондай тұрғыда аяусыз күресетін болады», - делінген бағдарламада.