«Нұр Отан» партиясынан ұсынылған азаматтардың 50-і бұрын Мәжіліс депутаттығына сайланбаған

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу үшін «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылған үміткерлердің барлығының жоғары білімі бар.

Олардың 40 пайызға жуығы арнайы дипломы бар заңгерлер мен экономистер. Ал 35 пайызы халық шаруашылығының түрлі саласында еңбек етіп жүрген мамандар. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті мәжілісінде аталмыш комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов осындай деректер келтірді.

Қ.Тұрғанқұловтың айтуынша, 2011 жылдың 5-ші желтоқсаны күні Мәжіліс депутатының кандидаттығынан үміткер ретінде саяси партиялар атынан ұсынылатын азаматтарды тіркеу мерзімі аяқталды. Барлығы ОСК-ға 8 партия үміткерлер тізімін ұсынды. Олар «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы, Қазақстанның патриоттар партиясы, Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Руханият» партиясы, «Әділет» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы.

«7-ші желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы алғашқы партиялық тізім - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының тізімін тіркеді. Аталмыш партия атынан тіркелген кандидаттардың арасында 6 ұлттың өкілі бар. Сондай-ақ кандидаттардың 20 пайыздан астамы әйелдер. Партиялық тізімдегі азаматтардың басым көпшілігі 55 жаста. Олардың ең жасы 36-да. Кандидаттардың 50 пайызы бұрын Мәжіліс депутаттығына сайланбаған. Сонымен қатар кандидаттардың арасында ғылым, білім, мәдениет қайраткерлері, әйгілі спортшылар мен коммерциялық құрылымдардың және мемлекеттік огандар мен мекемелердің қызметкерлері бар»,-деді ОСК төрағасы.

Оның мәліметтерінше, күнтізбелік жоспарға сәйкес, саяси партиялардың тізімдерін тіркеу 15-ші желтоқсанға дейін жалғасады.

Ал 16-шы желтоқсанан бастап, партиялар үгіт-насихат жұмыстарына кірісе алады.

Соңғы жаңалықтар