«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдеріне биылдың өзінде 5 мыңнан астам өтініш келіп түсті

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Биыл «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдеріне 5 мыңнан астам өтініш келіп түскен.
None
None
Оның 3 мыңнан астамы жазбаша түрде беріліп отыр. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының ресми өкілі Оксана Петерс дәстүрлі апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, тұрғындардың өтініштерін талдау жұмыстары тұрғын үй, ипотекалық несие мен тұрғындардың сот шешімдерімен келіспеуі өзекті екендігін көрсетіп отыр. «Ақпан айында партияның Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлімдеріне 120 адам консультациялық көмек сұрап келді. Ал 335 жазбаша шағым түрлі өкілетті органдардың қарауына жіберілді», - деді ресми өкіл. Брифинг барысында осы мәселелер төңірегінде сөз қозғаған «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Александр Житниковтың мәліметтері бойынша, партияның қоғамдық қабылдау орындарына өткен жылы 42 мың 700 арыз-шағымдар келіп түскен. 2008 жылдың алғашқы тоқсанында 11 мың 438 арыз түссе, биыл оның көлемі 10 пайызға көбейіп отыр. «Шағымдар саны ең көп түскен аймақтар - Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары. Шағымдарды 80 пайызы құзырлы органдардың қарауына жіберілді. Олардың мазмұнын сараптап қарайтын болсақ, тұрғындар соңғы уақытта жұмысқа орналасу, кіріс көздерінің төмендеуіне байланысты несиелік төлемдерді жабуда қиындықтар көріп отыр», - дейді А.Житников.Оның пайымдауынша, тұрғындардың өтініштеріне қатысты биылғы көрсеткіштер де өткен жылғы мөлшерде болады.
Соңғы жаңалықтар