15:16, 13 Қаңтар 2009 | GMT +5
«Нұр Отан» партиясының мүшелері өздерінің және отбасыларының табыстарын жария етті
ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Өзіңнен баста!» республикалық акциясы аясында батысқазақстандық «нұротандықтар» - облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, Тасқала ауданының әкімі Өтеміс Мырзағалиев, облыстық архив және құжаттандыру басқармасының бастығы Вячеслав Иночкин өздерінің және отбасыларының табысы туралы жария етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәлік Құлшар ешқашан жеке кәсіппен, бизнеспен айналыспаған. Әйелі жұмыссыз. Меншігінде үш бөлмелі пәтері ғана бар. Екі қызы Астанада, бірі ? қызметте, екіншісі ? студент. Өтеміс Мырзағалиев Тасқала ауылында қызметтік үйде тұрады, Оралда үш бөлмелі жеке пәтері бар. Оның үш ұлының үлкені әскери ұшқыш, Талдықорғанда қызмет етеді. Ортаншысы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университетінде оқыса, кенжесі мектепте білім алып жүр. Ал Вячеслав Иночкиннің айтуынша, жеке пәтері де, саяжайы да, көлігі де жоқ, анасымен бірге тұрады. Әкім мен хатшы да машинасыз, қызмет көліктерімен жүріп-тұрады.