«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі ел халқын Конституция күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі ел халқын Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.
None
None

Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Осыдан 20 жыл бұрын жаңа Атазаңын қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты. Бүгінде осынау тарихи құжат Мемлекет басшысы, партиямыздың Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «...қабылданған күннен бастап, тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді».

Біз Конституцияны негізге ала отырып, мемлекет тігіміздің іргесін бекіттік, қарқынды даму жолына түстік. Халқымыздың бірлігі нығайып, елде тұрақтылық пен татулық орнықты. Осындай ауызбіршіліктің, Ұлт лидері төңірегіне топтасудың арқасында етек-жеңімізді жинап, іргелі елге айналдық. Төрткүл дүниеге танылдық.

Осынау мерейлі мерекемен баршаңызды құттықтай келе, тәуелсіз еліміздің іргесі берік, мәртебесі биік болуын, отбасыларыңыздан ырыс пен береке арылмауын тілейміз!

«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесі

Соңғы жаңалықтар