«Нұр Отан» партиясының тізіміне енген Б. Сұлтанов пен А. Мұхамедиұлы өз пікірлерін білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде жарияланған Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімінде екі министр бар. Бірі - Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов болса, екіншісі - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Съезд жұмысынан кейін журналистердің сұрағын қысқа қайыра отырып, екі министр пікірлерін білдірді.
«Мәжіліс депутаттығына өтемін бе, жоқ па, оны партиялық кеңес шешеді. Ал партиялық тізімге енуім ерекше құрмет, үлкен жауапкершілік, қуанышты жағдай болды. Партиялық кеңес шешсе, әрине, көре жатармыз»,-деді А.Мұхамедиұлы.
Ал Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов: «Бұл - партиялықтардың маған деген үлкен сенімі. Сондықтан, осы сенімді ақтау - менің басты міндетім»,-дейді.
Естеріңізге сала кетейік, партиялық тізімде министрлер арасында Арыстан Мұхамедиұлы, Бақыт Сұлтанов, ал облыс әкімдері арасында тізімге Бердібек Сапарбаев, Сергей Кулагин, Алик Айдарбаев, Амандық Баталов, Даниал Ахметовтер енді.