?Нұр Отан? сыбайластықты сабасына түсіреді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы Қазалы аудандық ұйымы соңғы кездері сыбайлас жемқорлық деректерін анықтауда белсенділік танытып келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Үстіміздегі жылдың наурыз айында прокуратурамен бірлесіп аудандық білім бөлімінде өткен жыл және үстіміздегі жылдың 2 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізілді. Аудандық білім бөлімі мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшаларға орналастыру барысында заң бұзушылықтарға жол берген. Қазақстан Республикасының "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңы 7-бабының талаптарына сәйкес, өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс. Алайда бұл Заңның талаптары мүлдем орындалмай, 87 азаматтың өздерінің балаларын балабақшаларға орналастыру жөніндегі арыздарының 86-сы тіркеуге алынбай, құқық бұзушылыққа жол берілген. Сонымен бірге 2008 жылы оқу орындарын бітірген жас мамандарды білім беру мекемелеріне орналастыру барысында заң бұзушылықтарға жол беру фактілері орын алған.
Соңғы жаңалықтар