«Нұр Отан» жанындағы кеңес сыбайлас жемқорлықпен күрес баяндамасын Елбасына ұсынады (ФОТО)

«Соңғы үш айда біз негізгі күш-жігерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 2015 жылдағы жұмыстың нәтижелері туралы жыл сайынғы баяндаманы даярлауға жұмсадық. Атап айтқанда, бұл құжат партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстыруға әзірленеді. Қазіргі кезде бұл жұмыс толықтай аяқталып, құжат жобасы партия басшылығының қарауында»,-деді бүгін өткен отырыста «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.
Оның сөзіне қарағанда, жыл сайынғы баяндаманы даярлау барысында партияның барша жұмысына талдау жасалды. Осы орайда, партиялық құрылымдардың, сондай-ақ министрліктердегі, ведомстволардағы және өңірлердегі атқарылған шаралар қамтылды.