«Нұр Отан» «Жемқорлықтың халықаралық деңгейіне баға беру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырмақ

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Ақпанның 20-сында «Нұр Отан» ХДП «Жемқорлықтың халықаралық деңгейіне баға беру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
None
None
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратыда өткен брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Басқосуға ҚР Парламентінің депуттары, Үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, орталық және жергілікті мемлекеттік орган қызметкерлері қатысады. «Естеріңізге сала кетейік, Елбасы жемқорлыққа қарсы күресте әлемдік тәжірибені меңгеріп, пайдалану және бұл іске үкіметтік емес ұйым белсенділерін тартуды қатаң тапсырған болатын. Сондықтан бұл дөңгелек үстел отырысы үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастық аясында өткізіліп жатқан кешенді шаралардың жалғасы деуге әбден болады», - деп атап өтті партияның ресми өкілі.
Соңғы жаңалықтар