Нұр-Сұлтан қаласындағы «Айсанам» тұрғын үй кешенінде өрт болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК сілтеме жасап.
None
None

«2 мамырда сағат 21:52-де Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Мәңгілік Ел даңғылындағы «Айсанам» ТК өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сегізінші қабаттағы пәтердің балконынан шыққан және өрт сөндірушілер келген кезде жалын тоғызыншы қабатқа тарай бастаған», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекеттерінің арқасында сағат 22:10-де 35 шаршы метрді шарпыған жалын ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге астаналық ТЖД жеке құрамынан 25 адам және 5 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.



Соңғы жаңалықтар