Нұр-Сұлтан: Коронавирустан жазылған пациент дәрігерлерге алғыс айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус инфекциясынан сауығып кеткен науқастардың бірі Эльмира Қазымова көпбейінді медициналық орталық дәрігерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

Науқас 17 сәуірде ауруханаға түскен.

«Медициналық орталықтың басшылығы мен кәсіби ұжымға көрсеткен көмектері үшін алғысымды білдіргім келеді. Барлық дәрігерлерге, атап айтсам, мені емдеуші дәрігер Анастасия Май мен бөлім меңгерушісі Марал Әбдірахмановаға ерекше рахмет айтамын», - деп жазды Э. Қазымова Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, ол барлық дәрігерлер мен медперсоналға, асхана қызметкерлеріне, медициналық орталықтың техникалық қызметкерлеріне өз ризашылығын білдірді.

«Барлығы өз жұмысын кәсіби деңгейде орындап, бізге жылы шырай танытып, үйдегідей күтім жасады. Тіпті емханада жатқанымыз білінбеді. Сіздер өз отбасыларыңызды, туыстарыңыз бен жақындарыңызды тастап, осы қауіпті вируспен күресіп жүрсіздер. Сіздер - біздің республиканың мақтауға лайық азаматысыздар. Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін», - дейді жазылып шыққан науқас.


Соңғы жаңалықтар